Текст
Ұйымдар тізімі
22.11.2019
№1 Красный Яр орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пән апталығының жоспары бойынша «Алаштың бес арысы» атты әдеби конференция өтті. 9 - 11 сынып оқушылары өз ізденістері мен білімдерін көрсетті.
22.11.2019
«Балалар үшін біргеміз» онкүндігі аясында мектеп кітапханасы Бүкіләлемдік балалар күніне «Балалар үшін бірге» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде құқықтық, танымдық және көркемдік материалдар көрсетілген.
22.11.2019
Қысқы кезеңде қандай ауа райы кезінде сабақтар тоқтатылады?
22.11.2019
Бүгін диалог алаңы форматындағы пəн мұғалімдері мен 5-7 сынып оқушыларының ата-аналары арасында кездесу өз жалғасын тапты. Мұғалімдер мен ата-аналар оқушылардың оқу жетістіктері туралы ашық сұхбат құрды, критериалды бағалаудың қаншалықты тиімді екендігі жөнінде ата-аналар толық мəлімет алды. Мұғалімдер өз тарапынан ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Ашық диалог алаң нəтижелі өтті.
22.11.2019
«Дара жол» жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ішкі бағдарламасы «Тәрбие және білім» аясында «Бір уақытта оқу жалғасуда. Мектеп оқып жатыр.
21.11.2019
Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен əдебиеті апталығының жоспары бойынша "Үш бəйтерек, үш діңгек" тақырыбында 5-7 сынып аралығында əдеби кеш өтті.
20.11.2019
Бүгін 《Оқушылардың білім алу кезінде табысты болуын қамтамасыз етуде критериалды бағалаудың атқаратын рөлі》тақырыбында 1-4 сынып ата-аналары мен мұғалімдер арасында диалог алаңы өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты критериалды бағалаудың тиімділігі жəне оқушылардың білім жетістіктеріне əсерін ата-аналармен талқылай отырып, ашық пікір алмасу түрінде жаңа форматта бірлескен жұмыс жүргізуді көздеді. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнатуға осындай түрдегі шара оңтайлы нəтиже бергендігін көрсетті.
20.11.2019
Қолайсыз ауа райына байланысты 2 ауысының 0 - 4 сыныптарында сабақ болмайды.
18.11.2019
Хабарландыру
2019 жылдың 20-22 қараша аралығында сағат 18.00 - 20.00-ге дейін №1 Красный яр орта мектебінің салтанат залында ата-аналармен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ашық алаңы өткізіледі.
Мектеп әкімшілігі
18.11.2019
Бүгін 18 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша апталықтың ашылуы өтті. «Ұлы даланың - ұлы перзенттері» атты тақырыпта апталықтың тақырыптары қамтылады. 5- 6 сынып оқушылары ана тілі туралы мәнерлеп өлең оқыса, 9 -сынып оқушылары «Мен қазақпын» деп ән шырқады. Апталықтың жұмыс жоспары таныстырылды.

№1 Красный Яр орта мектебінде...