Текст
Ұйымдар тізімі
18.11.2019
Орыс тілінде оқитын 9-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Қазақ сөз өнерінің үш бәйтерегі – Сәкен, Ілияс, Бейімбет» атты тақырыпта әдеби кеш өткізілді. Осы шарада оқушылар аталған қаламгерлер өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметтер жинап, ортаға салды. Кеште олардың өлең-жырлары жатқа оқылды. Сәкен өлеңдеріне жазылған әндер орындалды. Іс-шара Қанат Жүнісовтің орындауындағы «Үш арыс» әнімен аяқталды.
15.11.2019
Мектеп кітапханасы орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында ««Ұлы даланың ұлы перзенттері» атты көрме ұйымдастырып, балалар әдебиетімен таныстырды.
15.11.2019
Оқу жылдың басынан бастап, әр бейсенбі сайын мектепте « Оқу сағаты» өтіп жатыр. Бұл күні үлкен үзілісте оқушылар мен мұғалімдер кітаптар, газеттер мен журналдарды оқиды. Осы іс - шараның арқасында кітап оқу көбейіп, кітапхана қорына сұраныс молайды.
14.11.2019
2019 жылдың 14 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы аясында ұйымдастырылған ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ xалқының ұлттық мәдениетін биікке көтеруге өз үлесін қосқан аса дарынды тұлғалардың бірі Біржан сал Қожағұлұлының 185 жыл толуына орай "Көкшеден шыққан алып" атты конференциясы өтті. Аталмыш іс-шараға Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакупова Гүлмира Талғатқызы. Іс- шара өте қызықты әрі тартымды өтті.
13.11.2019
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен əдебиеті апталығы аясында "Мақал-сөздің мəйегі"атты сайыс өткізілді.Сайыста 5-7 сынып оқушылары білімін сынады.Халық даналығын жеткізуге 20 сайыскер бел буды.Ең көп мақал айтып,əділқазылар назарын бөленген 6В сынып оқушысы Козлова Карина жеңімпаз атанды.
12.11.2019
2019 жылдың 11 қараша күні " Ұлы даланың - Ұлы Перзенттері" атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты ашылуы өтті. Аталмыш іс-шарада қазақтың сөз өнерінің алыптары жөнінде мағлұмат берілді. Оқушылар мәнерлеп, жатқа өлеңдер оқып, әдістемелік бірлестігінің жетекшісі апталық жоспарымен таныстырды.
12.11.2019
Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай мектебіміздегі кітапханамызда көрме ұйымдастырылды.
Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай мектебіміздегі кітапханамызда көрме ұйымдастырылды. Көрмеде 7 Ә сынып оқушыларына Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы көптеген қызықты мәліметтер айтылды.
09.11.2019
Алтын күз
2019 жылдың 8 қарашасында Красный Яр N1 орта мектебінің даярлық сыныптарында "Алтын күз" , атты мерекелік іс -шара өтті.Күз кереметін балалар тақпақ пен өлеңдер айтып, жеткізе білді.Кеште би билеп, ертегілер сахналанды.Ата-аналар мен балалар арасында ойындар...
07.11.2019
1- сынып оқушыларымен « Кітапханамен танысу» атты кітапхана сабағы өткізілді.
Бұл сабақтардың мақсаттары: 1-сынып оқушыларына «кітапхана», «кітаптар қоры», «оқу залы», атты кітапханалық – библиографиялық сауаттылықтың негізі түсініктерін беру.
Кітап әлемінде өз бетімен шарлауға үйрету. Өзіне кітап таңдауға ұсыну.
Тәрбиелік...
07.11.2019
«Дара жол» жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ішкі бағдарламасы «Тәрбие және білім» аясында «Бір уақытта оқу жалғасуда. Мектеп оқып жатыр.

Орыс тілінде оқитын 9-11 сыныптар...