1-сыныптарда өткен ата-аналар жиналысында педагог-психологтер Кереева Ш. К. және Шабанова М. М. сөз сөйледі. Мамандар ата-аналарды бірінші сынып оқушыларының оқу үдерісіне бейімделу ерекшеліктерімен таныстырып, балаларға психологиялық қолдау көрсету бойынша практикалық ұсынымдар берді. Кездесу мазмұнды әрі жылы атмосферада өтті. Бірінші сынып оқушыларына сәтті бейімделу мен оқуда жаңа жетістіктер тілейміз!