Бүгін мектебімізде Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен танымды кездесу өтті.Мамандар 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жөнінде әңгіме өткізіп, университетке түсуінің заманауи тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар қабылдау науқанының ережелері, қажетті құжаттар, оқу шарттары, гранттар және университет ұсынатын мүмкіндіктер туралы мағлұмат алды. Мұндай кездесулер болашақ түлектерге саналы таңдау жасауға және кәсіби жолын нық жоспарлауға көмектеседі.