Жалпы мектепішілік сап түзеу барысында педагог-психологтер Кереева Ш.К. және Шабанова М.М. білім алушыларға буллингтің алдын алу, мектептегі эмоциялық жайлылық пен психологиялық қауіпсіздікті сақтау тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға буллинг жағдайында әрекет ету жолдары, көмек сұраудың маңыздылығы түсіндіріліп, психологиялық қолдау көрсететін сенім телефондары туралы мәлімет берілді. Қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет!