"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттары рәсімдеу

  1. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: ) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2)"электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);
 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Қызмет көрсету мерзімі – 30 минут.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электронды / қағаз түрінде.

  5. Осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында бас тарту себептерін көрсете отырып, білім беру ұйымына қабылданғаны туралы немесе дәлелді бас тарту туралы хабарлама келеді.
Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: Тегін.

 7. Жұмыс уақыты:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған

 8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

- көрсетілетін қызметті беруші үшін;
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымы басшысының атына өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, (біріздендіру үшін);
3) есептен шығару талоны.
- портал арқылы:
1) өтініш, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) есептен шығару талонының электрондық нұсқасы.

Жаңартылған күні: 16.02.2021 19:29
Құрылған күні: 16.02.2021 19:29

Текст