Орналасқан жері, пошталық мекенжайы
|
Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі, Красный Яр ауылы, Тәуелсіздік к-сі, №13, қабылдау бөлмесі, 020010.
|
Негізгі функционалдық міндеттері
|
-оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
-білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
-инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
-қорқытудың, суицидтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді;
-әртүрлі профильдер мен мақсаттарға психологиялық диагностика жүргізеді, оқыту, жеке даму және мінез-құлық мәселелерін уақтылы анықтайды, психологиялық қорытынды жасайды;
-ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және оның негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ педагог-ассистент жүзеге асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу бағдарламаларын әзірлейді;
-түрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық көмек көрсетеді;
дарынды білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетеді;
ата-аналарға, мұғалімдерге, мамандарға нақты психологиялық мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
-педагогикалық ұжымға, сондай-ақ оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарына білім алушылардың жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық талдау жүргізеді;
-белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
-кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасындағы балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
-бала құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
-білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.
|
3
|
Кандидатқа қойылатын, бекітілген Біліктілік талаптары
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары
|
"Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктіліктің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі;
және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда, мамандық бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.
|
5
|
|
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндеті М. А. 30.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
|