Азаматтық қорғаныс Жоғары көпсалалы колледжінің өкілдері арнайы келіп, біздің 9-сынып оқушыларымен жүздесті. Кездесу барысында мамандар оқушыларға азаматтық қорғаныс саласының қоғамдағы орны мен жауапты да мәртебелі қырларын кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ, аталмыш колледжге түсу мүмкіндіктері мен талаптары жайында жан-жақты мағлұмат берді. Бұл игі шара жас ұрпаққа өз болашағына сеніммен қарауға, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға зор ықпал етті.