"Еңбек адал – жас өрен" жобасы аясында мектебімізде ерекше кездесу өтті. Осы жобаны іске асыру мақсатында мектебіміздің түлегі Жутабаева Алина мен мектебіміздің президенті және дебат қозғалысының министрі мазмұнды сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында еңбекқорлық, болашақ мамандықты таңдау, мақсатқа жету жолдары жайлы маңызды ойлар айтылып, оқушыларға мотивация берілді.