Отбасы күніне арналған жоспарға сай «Отбасы -жауапкершілік пен сыйластық мекені» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталас барысында оқушылар отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, өзара түсіністік пен жауапкершілік туралы өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге, пікір алмасуға және отбасылық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. Пікірталасты педагог-психолог Кереева Ш. К. өткізді.