"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласының тарихы

Көкшетау қаласы – Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде, Бұқпа тауының етегі мен Копа көлінің оңтүстік жағалауындағы көркем жерде орналасқан.

XVIII – XIX ғғ. Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында айтулы роль ойнаған атақты Абылай, Қасым, Кенесары хандардың ордалары орналасты.

Көкшетау қаласының іргетасы әскери қоныс, Көкшетау сыртқы округының әкімшілік орталығы ретінде қаланды. Оның ресми ашылуы 1824 жылдың 29 қаңтарында Бурабайда, Көкшетау тауының оңтүстік беткейінде жүзеге асты. 1824 жылы 17 қыркүйекте Көкшетау окруктік приказы ресми тізімге енгізілді.

Алайда бірқатар себептерге байланысты бұл жерде қоныс құрылысын жүргізу мүмкін болмады, 1827 жылдың жазында қолайлы орын – Бұқпа тауының етегі, Қопа өзенінің жағасында анықталып, Көкшетау станицасын тұрғызу басталды. 1958 жылдан бастап қоныстың жанынан мещандық, қалалық бөлігі салына бастады.

1868 жылы сыртқы округтер таратылып, Ақмола облысы құрылды. Көкшетау сыртқы округі оған уезд ретінде еніп, Көкшетау станицасы оның орталығына айналды.

Көкшетау қала мәртебесіне ресми түрде 1895 жылы ие болды. Жалпыресейлік санақ мәліметтері бойынша аталған кезеңде Көкшетауда 5 мың тұрғын, ал 1917 жылы – 10 мың тұрғын өмір сүрді.

Кеңес үкіметі Көкшетау уездінде 1917 жылы желтоқсанда орнады. 1928 жылы әкімшілік реформаларға байланысты уездер таратылып, олардың негізінде аудандар құрылды. Көкшетау уездінен бірнеше аудандар, соның ішінде Көкшетау ауданы құрылды. Көкшетау аудан орталығына айналды. 1932-1936 жылдар аралығында ол Қарағанды облысы, 1936-1944 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы құрамына кірді.

1944 жылы 16 наурызда Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Көкшетау облысы құрылып, орталығы Көкшетау қаласында орналасты.

Көкшетауда қалалық инфрақұрылымның жедел өсуі мен дамуы тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру жылдарына, әсіресе 1960-70 жылдарға сәйкес келді. Аталған жылдары қала қазіргі бет-бейнесіне ене бастады. Осы кезеңде қаланың барлық негізгі нысандары салынды, олардың басым бөлігі: зауыттар, фабрикалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру салаларының мекемелері қазіргі уақытта да қызмет етеді. Үй құрылысы белсенді түрде жүргізілді.

1993 жылы ұлттық топонимиканы жаңғырту мақсатында Кокчетав қаласы атауы Көкшетау болып өзгертілді.

1997 жылы Көкшетау облысы таратылып, қала облыс орталығы мәртебесінен айырылды және екі жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының құрамында болды.

1999 жылы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшірілді.

Көкшетау қаласының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары: алтын шығаратын кәсіпорын «Altyntau Kokshetau» АҚ; медициналық құралдар, салмақ өлшегіш жабдықтар, су өлшеу құралдары, авиатехника агрегаттары мен түйіндері, полиэтилен тұрбалары және т.б. өндірісі бойынша «Тыныс» АҚ; машинақұрастырушы зауыт «КамАЗ-Инжиниринг» ААҚ; «Көкшетауминсулары» АҚ.

Көкшетау қаласының денсаулық сақтау саласының маңдай алды мекемелері: Ақмола облыстық ауруханасы, қалалық аурухана, туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық диспансерлері, Қан орталығы, ЖҚТБ-ға қарсы күрес және алдын алу бойынша орталық. Жекеменшік медициналық мекемелер жүйесі әрекет етеді.

Көкшетау қаласы білім беру жүйесінде ірі жоғары оқу орындары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты болып табылады. 2000 жылы А.Мырзахметов ат. университет студенттер қабылдауды бастады. Бірқатар мемлекеттік емес ЖОО қызмет етеді.

Қаланың мәдениет саласының ірі мекемелері: Ш. Құсайынов ат. Ақмола облыстық қазақ музыкалық – драма театры; орыс драма театры; облыстық филармония; облыстық тарихи – өлкетану музейі; Кеңес Одағының Батыры, жазушы, академик М. Ғабдуллин музейі; Көкшетау қаласының тарихы музейі; М.Жұмабаев ат. облыстық кітапхана және қалалық кітапханалар жүйесі. Көкшетау қаласында облыстық халық шығармашылығы орталығы, «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайлары, «Истоки», «Көкше» мәдениет үйлері; «Синема - Алем» кинотеатры қызмет етеді.

Көкшетау қаласының діни мекемелері Архангел Михаил ат. православ шіркеуі және Науан Хазірет ат. мұсылмандар мешіті, Қасиетті Антоний ат. рим-католиктік костелы, Ғалым және Жақия қажы ат. мешіттер жұмыс жасайды.

Көкшетау қаласы жыл өткен сайын халықаралық туризм орталықтарының біріне айналуға ұмтылған қазіргі заман қаласының қайталанбас көркіне ие болуда.

 

Жаңартылған күні: 05.08.2016 15:08
Құрылған күні: 22.02.2019 12:31

Текст