2026 жылғы 1 қазанда ата-аналар жиналысында «Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ психологы, педагог-психолог, магистр, гештальт-психолог Смаилова Асель Зайнулловна «Буллинг: оны қалай анықтауға, алдын алуға және балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ата-аналарға буллингтің белгілері, оның алдын алу жолдары және балаға психологиялық қолдау көрсету бойынша маңызды кеңестер берілді.