Педагог-психолог Кереева Шынар Қайратқызы 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған педагогикалық консилиумда «16–17 жас: өзіңізді еске түсіріңіз» тақырыбында психологиялық жаттығу өткізді. Жаттығудың мақсаты – ата-аналарға жасөспірімдердің сезімдері мен ішкі уайымдарын түсінуге, олардың қажеттіліктерін ескеруге және бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға көмектесу. Кездесу барысында ата-аналар өздерінің жастық шақтарын еске түсіріп, мектеп бітіру кезеңіндегі армандары, алаңдаушылықтары мен сезімдері туралы ой бөлісті. Сонымен қатар балаларға қолдау көрсетудің, оларды тыңдаудың және түсіністік танытудың маңыздылығы талқыланды. ✨ Басты ұстанымымыз: тыңдау, түсіну, қолдау!