"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 05 ақпанда Көкшетау қаласының педагог-психологтарына арналған қалалық семинар «Красный Яр ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де өтті. Семинар тақырыбы :«ҰБТ-ға дайындық кезеңінде оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: мазасыздықты төмендету және мотивацияны арттыру әдістері».

2026 жылғы 05 ақпанда Көкшетау қаласының педагог-психологтарына арналған қалалық семинар «Красный Яр  ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де өтті. Семинар тақырыбы :«ҰБТ-ға дайындық кезеңінде оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: мазасыздықты төмендету және мотивацияны арттыру әдістері».
Іс-шараның мақсаты — ҰБТ-ға дайындық кезеңінде оқушыларды сүйемелдеу мәселелері бойынша педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, емтихан алдындағы мазасыздықты төмендетудің және оқу мотивациясын арттырудың тиімді әдістерін меңгеру.
Семинардың ашылуында «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Кагарманова Нурланар Кавказовна құттықтау сөз сөйлеп, семинардың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін атап өтті.
Семинар аясында теориялық және практикалық бөлімдер ұсынылды.
«Стресс және эмоционалдық күйді басқару» тақырыбында Техникалық лицей-техникумның педагог-психологы Кудайбергенова Мендигүл Каукишевна баяндама жасады.
11 «Б» сынып оқушыларымен «Емтиханға дайындық кезеңінде психологиялық кернеуді төмендету және стрессқа төзімділікті қалыптастыру» тақырыбында практикалық сабақты «Красный Яр ауылының  №1 ЖББМ» КММ педагог-психологы Шабанова Махаббат Маратовна өткізді.
Семинардың практикалық бөлімінде «Психологқа да демалыс қажет: эмоционалдық күйіп кетудің алдын алу» тақырыбы қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Практикалық-бағдарланған бөлімді педагог-психолог Кереева Шынар Қайратовна ұсынды.
Семинар соңында қатысушылар «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Кагарманова Нурланар Кавказовнаның модерациясымен қорытынды жасап, кәсіби тәжірибе алмасты.
Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін, практикалық бағыттылығын және оқушылармен жұмыс істеуде тиімді әдістермен алмасу мүмкіндігін жоғары бағалады.
/public/files/2026/2/6/060226_103955_whatsapp-video-2026-02-05-at-185357.mp4

Текст