"Көпсалалы инновациялық колледжде "Agro Qadam" механикаландырылған студенттік жасағының еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті. Студенттік жасақ жастар арасында жұмысшы кәсіптерінің беделін арттырудың жаңа кезеңі ауыл шаруашылығының дамуына ықпал ететін болады. Балаларды Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Саят Төлегенұлы Сыздықов, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Георгиевич Гамазов, колледждің әлеуметтік серіктесі, сондай-ақ мектебіміздің "One School, One Skill" жобасының қатысушылары құттықтады. "Agro Qadam" білімді іс жүзінде қолдануға және өзінің кәсіби болашағына жол ашуға дайын.