29 қазан - Қамқоршылар күні. Бұл мерекеге орай мектепке қамқоршыларды шақырып "Мейірімді жүрек" атты іс-шара өткізілді. Мереке ұйымдастырушылары бала тәрбиесін өз мойнына алған адамдарға мейірімділік, қамқорлық пен құрмет атмосферасын қалыптастыруға тырысты. Концерттік бағдарламада оқушылар мен мұғалімдер өнер көрсетті. Іс-шара жылы мерекелік ортада өтті.