«Нашақорлық — қоғам дерті» атты онкүндік аясында педагог-психолог Кереева Ш. Қ. 8-сынып оқушыларымен «Өмір — таңдау» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, саналы шешім қабылдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алу болды. Тренинг барысында оқушылар пікірталастарға және рөлдік жағдайларға қатысып, салауатты өмір салтының маңыздылығы, жеке мақсаттар, дұрыс таңдау жасау туралы ойлануға мүмкіндік алды.