"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14 мамыр күні Красный Яр ауылының #1 жалпы орта мектібінің кітапханасында “Ақылды кітаптар”клубының ұсынуымен Оралхан Бөкейдің "Қар қызы" шығармасы бойынша өткізілген іс-шара ерекше өтті. Іс-шараның мақсаты — жазушының шығармашылығын насихаттау және Көкшетау қаласынан келген мұғалімдермен пікірлесу,ой бөлісу болды.Кітапханаға келген қонақтарды Дидар Жасқайратовна қарсы алды,ал мектеп мұғалімдері Махаббат Батырбековна мен Қуаныш Мөлдір ертегі арқылы жайлы орта орнатты.Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Күлсан Заберовна мен Жазира Сабыровна "Қар қызы"повесінің мазмұны мен негізгі тақырыптарымен таныстырды. Шығармада табиғаттың сұлулығы, адам мен табиғат арасындағы байланыс, сондай-ақ, махаббаттың мәңгілігі туралы айтылды. Іс-шара барысында қатысушылар шығарманың кейіпкерлері мен олардың эмоцияларын талқылады. Жиналған қауым өз ойларымен бөлісіп, шығарманың әсерлі тұстарын атап өтті. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері мен мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты деректермен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылар "Қар қызы" шығармасын оқу арқылы алған әсерлерімен бөлісіп, қазақ әдебиетінің маңыздылығын атап өтті. Осындай іс-шаралар жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мәдениетті насихаттауға мүмкіндік береді.

/public/files/2025/5/15/150525_100741_whatsapp-video-2025-05-15-at-100618.mp4


Текст