"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасын іске асыру мақсатында 24 желтоқсан күні Красный Яр ауылындағы «Көпсалалы инновациялық колледжде» жұмысшы мамандықтары жылына арналған қорытынды іс-шара өтті. Колледж басшысы С.О. Шабданова құттықтау сөз сөйлеп, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығына және олардың өскелең ұрпақтың болашағындағы рөліне тоқталды. Көрермендерге жарқын эмоциялар мен шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлаған дефиле іс-шараның ерекше сәніне айналды. Оған келесі қатысушылар атсалысты: • «Мансұр» және «Әмина» балабақшаларының тәрбиеленушілері. • Красный Яр ауылындағы №1, №2 және №3 мектептердің оқушылары. Біздің мектептің атынан 8 «Б» сынып оқушысы Елюбаева Айлана мен 9 «В» сынып оқушысы Нағашыбай Томирис қатысты. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға шығармашылықтары, белсенділіктері және осындай маңызды іс-шараның өтуіне қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!


Текст