Сыныпта педагог-психологтың қатысуымен ұжымды біріктіруге бағытталған позитивті тренинг өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, ынтымақтастық дағдыларын дамыту және сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру болды. Тренинг барысында оқушылар танысуға, сенім мен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған түрлі интерактивті жаттығулар мен ойындарға қатысты. Оқушылар бір-бірін тыңдауды, топпен жұмыс істеуді, әркімнің пікірін құрметтеп, қолдауды үйренді.