Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультетінің аға оқытушы-әдіскері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Айдапкелова Динара Сыргабековна, азаматтық қорғау майоры Касенов Асет Алимтаевич және факультет оқытушы-әдіскері 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесудің мақсаты – оқушыларға азаматтық қорғау саласының ерекшеліктерін таныстырып, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру. Оқушылар сала туралы жан-жақты мәлімет алды, өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды.