2024 жылдың 26 ақпанында "Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінде" кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шара барысында оқушылар қажетті мамандықтармен, колледждің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Жыл сайын мамандық таңдау қиындау түсуде.Кейбір мамандықтар өзекті және сұранысқа ие бола бастайды. Қазіргі заманғы нарық өмір сүруге қатаң талаптар қояды. Сондықтан бүгінгі таңда табысты адамның маңызды атрибуты - бұл жақсы білім және таңдалған кәсіби дамудағы жоғары даму қарқыны.