Біздің мектепте "Болашақ" мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен "Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025" - ке орайластырылған "кәсіптер шеруі"флешмобы өтті. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын қалыптастыру, олардың қазіргі қоғамдағы маңыздылығы мен қажеттілігін түсіну. 8-9 сынып оқушылары әртүрлі мамандықтармен танысып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға тағы бір қадам жасай алды. Педагог-кәсіби бағдаршы а. н. Байтенова