Көктемнің ең көркем мерекелерінің бірі-Наурыз мерекесі қарсаңында,Красный Яр ауылының #3 және #1 мектеп оқушыларының арасында “Наурыз мерекесі-ұлт мерекесі” атты ұлттық ойындар сайысы өтті.”Көкше”мәдениет үйінде 10 сынып балалары білек күші мен ептілігін арқан тарту,асық ату,қол күрес сайыстарында сынады.Біздің мектептің 10 “А”оқушылары жүлделі 2-орынға ие болды.Жеңісімен құттықтап,ата-бабамыздан қалған асыл мұра-ұлттық ойындарын одан әрі де дамытыңдар деп тілейміз!