"Еңбек адал жас өрен" жобасын іске асыру мақсатында жоғары техникалық колледжде N1 КОШ 9-сыныптары үшін дәстүрлі "Ашық есік күні" іс-шарасы өтті. Мұнда балалар өндірістік оқыту және кәсіптік практика сабақтары өткізілетін зертханалармен танысты. Интерактивті кабинеттерге барып, заманауи техника мен жабдықтардың әртүрлі түрлерімен танысты. Балалар қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойып, оқытушылар мен шеберлерді мұқият тыңдады.