“ Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының -1 жалпы орта білім мектебі” КММ Красный Яр ауылының ауылдық модельді кітапханасында Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Алаш көсемі Әлихан» атты лекция өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш Орда үкіметінің жетекшісі Әлихан Бөкейханның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметімен танысты. Лекцияда оның ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыруға, білім мен ғылымды дамытуға қосқан зор үлесі кеңінен насихатталды. Шараның мақсаты – оқырмандардың тарихи танымын кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу.