“ Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының -1 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ Мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге күніне арналған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар теңгенің шығу тарихымен танысып, алғашқы банкноталар, олардың дизайны мен ұлттық валютамыздың маңызы туралы мәліметтер ала алады. Көрме оқушылардың білімін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді. Баршаңызды көрмеге шақырамыз!