2025 ж. 18 - 19 қыркүйек аралығында "Ақмола облысы Сандықтау ауданы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагерінде" білім беру ұйымдарының педагог - психологтарына арналған "Психологиялық тәжірибелер панорамасы" тақырыбында тәжірибе алмасу үшін "Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог - психологы Кереева Шынар Кайратовна ғылыми - тәжірибелік алаңға қатысты. Панорама бағдарламасы бойынша 2 күн бойы спикерлер педагог - психологтармен 5 секция бойынша жұмыс жасады. Педагог - психологтар спиклердің жаңа жұмыс құралдарымен танысып, жеке терапиялық тәжірибе алмасып, кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтті.