"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психология, кәсіптік бағдарлау және әлеуметтік қолдау апталығы аясында 11 желтоқсан күні мектептің әлеуметтік педагогі К. М. Сейпетденова «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында оқушылармен танымдық әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту. Адам құқықтары туралы түсінік бере отырып, түрлі өмірлік жағдайларда жеке және қоғам пайдасына сай дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту. Қазақстанның болашағына үлес қосатын, білімді әрі ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу. Әңгіме мазмұнды әрі қызықты өтті, оқушылардың жоғары қызығушылығын тудырды. Кездесу балалар үшін тек ақпараттық қана емес, сонымен қатар олардың құқықтық сауаттылығын арттыруда өте пайдалы болды.

/public/files/2025/12/12/121225_163931_whatsapp-video-2025-12-12-at-162644.mp4


Текст