«Аутизм туралы ақпараттандырудың дүниежүзілік айлығы» аясында мектебіміздің педагог-психологы Шабанова М.М. 7–8 сынып оқушыларына аутизм туралы фильм көрсетілімін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: 7–8 сынып оқушыларында аутизм туралы түсінік қалыптастыру, аутистік спектр бұзылыстары бар адамдарға толерантты көзқарасты дамыту, сондай-ақ олардың қабылдау және мінез-құлық ерекшеліктері туралы ақпараттану деңгейін арттыру.