Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің- қазынасы бар»,-деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Дей тұрғанмен, кейбір қарияларымыздың сый-құрметке бөленбей, үй шаруасын жалғыз өзі атқарып жүргені қынжылтады.Сол себепті қарттар күніне орай «Еңбегіңе қарай - өнбегі» атты іс-шараны қолға алып, Губанова Лилия Николаевнаға көмектестік.