“ Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының -1 жалпы орта білім беретін мектебі”КММ Мектеп кітапханасында Малик Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде батырдың өмірі мен ерлігі туралы кітаптар, ғылыми еңбектері және 316-атқыштар дивизиясына қатысты материалдар қойылды. Көрме оқушыларды тарихпен таныстырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.