2025 жылғы 31 Қаңтарда "көпсалалы Инновациялық колледж" базасында "жұмысшы мамандықтар жылына" және "еңбек адал жас өрен" жобасын іске асыруға арналған іс-шаралар шеңберінде Красный Яр ауылы, Көкшетау қаласы және Зеренді ауданы мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында "Көңілді старттар" өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту.