“ Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының -1 жалпы орта білім мектебі” КММ Мектеп кітапханасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушыларға адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттау. Кітаптар арқылы жас ұрпақ сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсініп, заңға құрметпен қарауға үйренеді.