“ Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының -1 жалпы орта білім мектебі” КММ. Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы”

Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы”
Ұлттық кітап күні қарсаңында өткізілген іс-шара аясында мектеп кітапханасында оқушылармен әдеби викторина, яғни интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиетін насихаттау және олардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын барысында қатысушылар әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындады, сондай-ақ сүйікті кейіпкерлерін еске түсіріп, білімдерін сынады.

Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын көрсетті. Іс-шара қызықты әрі танымды өтті.