Бүгін тоғызыншы сыныптар үшін кәсіптік бағдар беру бойынша Mansap kompasy платформасымен таныстыру сабағы өтті. Балалар заманауи мамандықтармен жақынырақ танысуға, олардың ерекшеліктері мен қажеттілігі туралы білуге мүмкіндік алды. Платформада тек бағытты таңдап қана қоймай, таңдалған саладағы жалақы деңгейін де көруге болатындығы ерекше қызықты болды.