PISA халықаралық тестілеуіне дайындық аясында 9 және 10-сынып оқушыларына арналған «Стресті басқару және эмпатияны дамыту» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар толқынысты қалай жеңуге, өздерін тыныш әрі сенімді күйге келтіруге және айналасындағы адамдарға, әсіресе ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсету қажеттілігі туралы әңгімелесті. Эмоциялық күйзелісті жеңілдетуге арналған ойындар мен жаттығулар өткізілді. Қатысушылар стресс пен уайымды босатуды, өз сезімдерін түсінуді және айналасындағы адамдардың эмоцияларына мұқият болуды үйренді.