Бүгін 11-сынып оқушыларымен «Жеке тұлға құндылығы» тақырыбында тренинг өтті. Тренингті педагог-психолог Шабанова М.М. жүргізді. Оқушылар шарлармен жаттығулар, арт-терапиялық әдістер мен метафоралар арқылы өз эмоцияларын тануға, күйзелісті жеңуге, алдағы емтихандарға психологиялық тұрғыдан дайын болуға үйренді.