«Еңбегі адал – жас өрен» жобасын жүзеге асыру мақсатында біздің мектептің 8–9 сынып оқушылары Көкшетау қаласындағы «Акай» сән үйіне барды.Красный Яр ауылының «МИК» көпсалалы инновациялық колледжімен бірлескен жұмыс аясында экскурсия өтті. Оқушылар сән үйінің шығармашылық атмосферасымен танысып, заманауи дизайнерлік бейнелердің қалай жасалатынын білді және өнер мен стиль саласында өзін-өзі дамытуға шабыт алды. Жобаны Галия Алдебергенқызы басқарады. Оның тәлімгерлігі арқылы оқушылар өз қабілеттерін ашып, кәсіби тұрғыда шыңдалуға мүмкіндік алуда.