“ Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының -1 жалпы орта білім мектебі” КММ «Адал Азамат» («Біртұтас тәрбие») бағдарламасы аясында мектеп кітапханасында 5 «Е» сынып оқушыларымен «Құқық дегеніміз не?» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адам құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, заңдарды құрметтеуге және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Әңгіме барысында оқушылар құқық ұғымымен танысып, әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет алды. Сондай-ақ еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы айтылды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өмірден мысалдар келтіріп, сұрақтар қойды.