2026 жылғы 17 ақпан күні 9 «Ә» сынып оқушыларына арналған «Мамандық таңдау – болашаққа қадам» тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараны педагог-психолог Кереева Ш.К. және кәсіби бағдар беруші Баитенова А.Н. бірлесіп ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, олардың қабілеттерін айқындау және болашақ кәсіби жолын саналы түрде анықтауға көмектесу. Бағдарлама аясында мамандық таңдаудың маңыздылығы талқыланып, «Мамандық алудың 5 баспалдағы» таныстырылды. «Психогеометрия» әдістемесі арқылы қатысушылар өздерінің тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, сергіту жаттығуларына белсенді қатысты. Кездесу оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына оң ықпал етті.