Психология, кәсіби бағдар және әлеуметтік қолдау апталығы аясында бүгін 3-сыныпта «Мамандық таңдаймын!» атты қызықты әрі танымдық кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, өздерін дәрігер, аспаз, мұғалім, өрт сөндіруші және басқа да көптеген маман иелерінің рөлінде байқап көрді. Ойын арқылы балалар әр мамандықтың ерекшелігін, адамдардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді. Іс-шараның ерекше сәті — оқушылардың «Кім болам?» атты өлеңін дайындап, көпшілікке ұсынуы болды. Өлең арқылы олар мамандықтар туралы ой бөлісіп, өз арман-тілектерін айтып, болашақ кәсібін таңдаудың қаншалықты қызықты екенін көрсетті. Шара жарқын, эмоциялық және өте шабыттандыратын жағдайда өтті! Мұндай іс-шаралар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға алғашқы қадам жасауына көмектеседі. Өткізген кәсіби бағдар беру маманы Байтенова А.Н.