Бүгін, 13 наурыз күні Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 7–8 сынып оқушылары арасында «Туберкулез» тақырыбында диктант өткізілді. Іс-шараны мектептің медициналық қызметкері Ережепова А.А. ұйымдастырып, өткізді. Диктант өткізудің мақсаты – оқушылардың туберкулез ауруы туралы білімдерін арттыру, мектеп оқушыларының өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу туралы түсініктерін кеңейту. Диктант барысында оқушылар туберкулездің жұғу жолдары, оның белгілері және алдын алу шаралары туралы маңызды мәліметтермен танысты.