«Өмірлік құндылықтарға апарар жол»

10 «Б» сынып оқушыларымен педагог-психолог тарапынан жеке өмірлік құндылықтарды түсінуге, басымдықтар мен мақсаттарды анықтауға бағытталған тренинг өткізілді.

Тренинг барысында оқушылар интерактивті жаттығулар орындап, өмірлік жағдайларды талдап, болашаққа деген өз көзқарастарын қалыптастырды.

Іс-шара өзін-өзі анықтау, саналы таңдау жасау және мақсат қоя білу дағдыларын дамытуға ықпал етті.