5 «Ә» сыныбында оқушылардың психологиялық ахуалын анықтау мақсатында педагог-психолог Кереева Ш. К. сұрақ-жауап әдісі арқылы психологиялық зерттеу жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында оқушылардың сыныптағы өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі, мектептегі эмоционалдық жай-күйі және қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға бағытталған пікірлері анықталды. Зерттеу нәтижелері оқушыларға қолдау көрсету, жағымды сынып атмосферасын қалыптастыру және психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді.