Міндеттер:
- оқытылатын пәннің ерекшелігін және білім алушылардың жасын ескере отырып, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу;
- білім алушылардың әлеуметтенуіне, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, олардың саналы түрде таңдауына және кейіннен кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жәрдемдесу;
- оқу процесінде қауіпсіздік техникасы нормалары мен қағидаларын сақтау режимін қамтамасыз ету
Талаптар:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;