Ағымдағы жылдың ақпан айында "Әулет" базасында - мектептен тыс жұмыс орталығы "Кәсіптер әлемін ашу"облыстық форумының қалалық кезеңі өткізілді. Форумның мақсаты-еңбек нарығында, болашақ Қазақстан экономикасында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты табысты таңдау үшін білім алушылардың кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын жандандыру, сондай-ақ білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту. №1 КОШ 8 "Б" сынып оқушылары – Нұрғалиев Әлихан мен Жұмабекова Сабирабану осы форумға қатысты!