Текст
Ұйымдар тізімі
06.12.2019
Бүгін 5 желтоқсан Бижамал Жақсыбайқызы Буртубаеваға арналған салтанатты кеш өтті. #1 КОМ ұжымы ең үздік мұғалімдердің бірі - Бижамал Жақсыбайқызын марапттап, зейнеткерлік жасқа толуын атап өтті. Өмірінің 40 жылы бала оқытумен өткен мұғалімге мектеп ұжымы сый-құрмет көрсетті. Алғыс айтылып, игі тілектер айтылды.
05.12.2019
Мектепте өткен оқу сағатында оқушылар, мұғалімдер мен жұмыскерлердің бәрі кітап оқыды. Бұл шараның мақсаты - әртүрлі жастағы адамдарды кітап оқуға машықтандыру.
04.12.2019
28.11.2019 жылы бастауыш сынып оқушыларында "Президент -ұлт көшбасшысы" атты салтанатты саптүзеу өтті. Оқушылар елбасы күніне арналған жаттауларын айтып, өлеңдерін арнады.
01.12.2019
Қымбатты #1 Красный Яр орта мектебінің ұжымы! Сіздерді Тұңғыш Елбасы Күнімен құттықтаймыз! Еліміздің егемендігі Тұңғыш Президент есімімен ұштасып жатыр. Мемлекетіміз өркендей берсін. Баршаларыңызға табыс, сəттілік пен отбасы амандығын тілейміз.
28.11.2019
Мектеп кітапханасында Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Елбасының өмірі мен қызметі туралы материалдар жиналған.
28.11.2019
Бүгін қала мектептеріндегі өзге ұлт оқушылары арасында өткен 《Мақал-мəтелдер - халық даналығы》 қалалық сайысына 6 В сынып оқушысы Козлова Карина 1-орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мұғалімі Мугжанова Жазира Сабыровна. Құттықтаймыз!
23.11.2019
Жаратылыстану-математикалық бағыт пəндері бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында 2019 жылғы 23 қарашады 《Жас дарын》олимпиадасының іріктеу (мектепішілік)кезеңі өтті. Жалпы мектеп бойынша математика, физика, биология, химия пəндерінен 8-11 сыныптар арасынан 80 оқушы қатысты. Ең жоғары көрсеткішті 13 оқушы, 2-орынды 12 оқушы, 3-орынды 14 оқушы иеленді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
23.11.2019
Красный Яр орта мектебінде 2019 жылғы 22 қарашада 《Критериалды бағалау》тақырыбындағы ата-аналар жиналыс диалог алаңы түрінде өтті. Диалог алаңына 8-10 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Диалог алаң барысында ата-аналарды толғандырып жүрген сұрақтар талқыланды. Диалог жүргізу ата-аналар мен мұғалімдер үшін нəтижелі болды.
22.11.2019
22 қараша күні 1Б сыныбында "Біз оқушы болдық" атты іс - шара өткізілді. Іс - шараға ата - аналар, мұғалімдер шақырылды. Іс - шара көңілді және жоғары деңгейде өтті.

Бүгін 5 желтоқсан Бижамал...