2026ж. 17 қыркүйек күні «Баланың психологиялық әл-ауқаты: мектеп пен ата-ананың серіктестігі» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында педагог психолог Кереева Ш.К. баяндама оқыды. Кездесу барысында №92 бұйрыққа сәйкес психологиялық қолдау көрсету бағыттары мен психологиялық диагностика жүргізу тәртібі таныстырылды. Сонымен қатар «SAFE mental health» бірыңғай ұлттық платформасында диагностикадан өту жолдары көрсетіліп, педагог-психологтердің диагностикалық нәтижелерді өңдеу, талдау және психологиялық қолдауға қажеттілік деңгейін анықтау алгоритмі түсіндірілді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, баланың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етудегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.