Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының -1 жалпы орта білім беретін мектебі”КММ Практикант Еркежан кітапханашымен бірлесе отырып 8 «Б» сынып оқушыларымен «Ізгілікке жол аш» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында оқушылар қазіргі өмірдегі ізгіліктің маңызы туралы пікір алмасып, жақсылық жасау үлгілерін келтірді және құрбы-құрдастарымен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнатудың жолдарын талқылады. Дөңгелек үстел оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, толеранттылыққа тәрбиелеуге және оң құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті.